Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:58, 28 Мамыр 2024

Қазақстанның су қоймаларында былтырғыдан 2,5 есе көп су жиналды

в
Фото: из открытых источников

Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Министрліктің айтуынша, жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

«Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі.

Сондай-ақ, елді мекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отырғаны айтылды.

Фото: ортком