Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:33, 31 Қаңтар 2024

Қазақтар Американы жаулауда: Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа отырды

файтер
Фото: из открытых источников

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) UFC промоушенімен келісімшарт жасасты. Бұл туралы Zhasalash.kz Бекзат Алмаханның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бекзат Алмахан Орталық Азияның үздік промоушендерінің бірі Octagon-да жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Кәсіпқой мансабында жалпы есепте 18 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана есе жіберген. Десе де соңғы 9 жұдырықтасуында жеңіс тұғырынан көрінген.

Айта кетейік, Бекзат 18 қарсыласының 13-ін нокаутқа түсіріп, бұған дейін қазақстандық Сергей Морозов өнер көрсеткен жеңіл салмақта (61 келіге дейін) UFC-ге түскен.

Тегтер: