17:15, 03 Қараша 2025
Қазақтарды «қорлады» деп айыпталған Алика Мұхамадиева 3,5 жылға сотталды
Бүгін Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты үкім шықты.
Ол әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жазасы 2 жылға кейінге шегерілді.
Айта кетейік, 2025 жылдың жазында Алика Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қазақстандықтарға тіл тигізді деген шағымдардан кейін ол тергелді. Шілде айында ол қамауға алынып, іс материалдары тергеу органдарына берілді.
Кәсіпкер бұған дейін кінәсін ішінара мойындап, айтқан сөздері контекстен жұлынып алынғанын мәлімдеді. Ол кешірім сұрап, ешкімнің сезіміне тию ниеті болмағанын атап өтті.
Кейін Мұхамадиева екі айға қамауға алынып, қазан айында іс сотқа жіберілді.