Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:51, 04 Маусым 2024

«ҚазМұнайГаз» су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 7 млрд теңге бөлді

g
Фото: из открытых источников

«ҚазМұнайГаз» су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге мамыр айында қосымша 7 млрд теңге бөлгенін хабарлады. Компания сәуір айында өңірлерге 3 млрд теңге бөлген болатын.

Бұл қаражат «Самұрық-Қазына» қорының қайырымдылық көмекке арналған бірыңғай операторы Samruk Kazyna Trust корпоративтік қоры арқылы бағытталатын болады. 

Одан бөлек, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері мен техникасын жанармаймен қамтамасыз етеді. «ҚазМұнайГаз-Аэро» оған қоса зардап шеккен облыстардың әкімдіктеріне өтеусіз негізде 1300 тоннадан астам дизель отынына, 58 тонна АИ-92 бензиніне, жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық жанар-жағармайға арналған карта ұсынды. Бұл отын су тасқынына қарсы іс-шаралар, халықты эвакуациялау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру кезінде пайдаланылады, делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері 352 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетіп, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек жібергенін айтты.

Ал ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындары әкімдіктерге көмек көрсетуді жалғастырып, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге атсалысып келеді (705 млн теңге жұмсалды), тиеу, көтеру және жердегі жұмыстар үшін арнайы техника бөліп, адамдарды тасымалдау үшін көмекке автобустар беріп отыр.

Фото: ҚМГ

Тегтер: