Өңір

Кентаудың әкімі отставкаға кете ме?

Коронавирус біреугеқайғы болғанымен, біреуге пайда. Жаман індеттің кімді жарылқап жүргенінекейінірек тоқталамыз.

Кентаудың әкімі отставкаға кете ме?

«Жас алаш» газетінің өңірдегі қосынына хабарласқан Кентауқаласы Шаға ауылындағы Вахидов атындағы мектептің бір топ ұстаздары «бірнешеата-аналармен жиналып, қалалық білім бөлімінің шығарған шешіміне наразылықбілдіру үшін облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауына кірмек болған едік.Алайда төтенше жағдайға байланысты қабылданған шектеулер оған мүмкіндік бермейтұр» деді. Коронавирус аяқ-қолын жіпсіз байлаған арызданушыларды нендей жайттыңмазалап жүргенін біз өткен нөмірлеріміздің бірінде жазған болатынбыз. Былтыржелтоқсанның басында жоғарыда аталған мектептің директоры Меринса Изатуллаевақашаннан қалыптасқан əдеті бойынша мектеп мұғалімдерінен «қаржы бақылаубасқармасының тексерушілеріне береміз» деген сылтаумен ақша жинайды. Директоржалақысы 100 мың теңгеден асатындардан 5 мыңнан, одан төмендерден 3 мыңнан алужөнінде бірлестік жетекшілеріне тапсырма берген. Мұндай алым-салыққа бұрыннанқарсылық білдіріп, «оппозицияда» жүрген мектеп мұғалімі Сайдакбар Рахметовалғашқыда сұраған ақшаны бермеген. Бірақ М.Изатуллаева қайта-қайта ескертіпқоймаған соң Түркістан қаласына барып, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл департаментіне арызданады. 6 желтоқсанда М.Изатуллаева С.Рахметовтен 5мың теңгені қолма-қол алу барысында ұсталады. Алайда ұсталды деген директорарада екі күн өткенде жұмысына қайта оралған. Алғашқыда «пара алу» дерегібойынша тіркелген қылмыстық іс кейін «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану»бабымен қайта дəрежеленеді. Тергеу барысында Изатуллаева ақшаны СЭС-тіңмектепке салып кеткен айыппұлынан құтылу үшін алғанын мойындаған. Осымойындауға қарамастан тергеуші Данияр Жұматаев қылмыстық істі қысқартып,Изатуллаеваның тəртіптік ісін қарау үшін Кентау қалалық білім бөліміне ұсынысбереді. Ұсыныста Изатуллаеваның қызметінен босатылуы тиістігі тайға таңба басқандайжазылған. Таңқаларлығы, тергеу барысында айыпталушы қызметінен шеттетілмеген.Дəл осы жағдай Изатуллаеваның қылмыстық жазадан құтылып кетуіне əсер еткенсияқты. Себебі мектеп ұстаздары төбесінен төніп тұрған бастығына қарсы куəлікбере алмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің дəл осы жолынеге дəрменсіздік танытқаны осы уақытқа дейін түсініксіз. Шамасы соңғы кездеріоблыстың əкіміне дейін құрық салып жүрген антикор майда шабақтың ісінеоншалықты мəн бермеген сияқты (облыс əкімінің қасында мектеп директоры сөзболып па?!). Сонда қалай? Аталған құзырлы органның басшысы Алик Шпекбаев алқалыжиындарда сыбайластықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушіліктіқалыптастыру туралы сөз қозғаудан жалықпайды. Ал оның түркістандағы əріптестеріөзіне бағынышты азаматтан пара ретінде ақша алған директордың ісінсиырқұйымшықтатып, ақыр аяғында қысқартып жібереді. Сонда бұл неғылған«төзбеушілік»? Изатуллаева кешірімнің көкесін Кентау қалалық білім бөліміненкөрді. Тергеушінің «қызметінен босатылуы тиіс» деген ұсынысына қарамастанбөлімдегілер оған қатаң сөгіс берумен шектелген. Біз осы жөніндегі Кентауқалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Төрехан Асановпенсөйлескенбіз. Ол Еңбек кодексі бойынша соттың айыптау актісі болмаған директордықызметінен босата алмайтындығын алға тартқан болатын. Бір қызығы, Изатуллаевааталған мектептің директоры қызметін соңғы жиырма жылдың көлемінде атқарып кележатқан көрінеді. Оны тым құрыса ротациялық тəртіппен басқа мектепке ауыстыружағы да ойластырылмаған. Осыдан кейін кентаулық басшылардың сыбайласжемқорлыққа қарсы күреске қауқарсыз екендігін мойындамасқа амалың қалмайды. Бұлжағдайдан Кентау қаласының əкімі Дəурен Махажановтың хабарсыз болуы мүмкінемес. -Білім бөлімінің Изатуллаеваға қатаң сөгіс берумен шектелгенін түсінеалмадық. Бұған ата-аналар да қарсы. Сонда сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресужай ғана сөз болғаны ма? -деді бізге хабарласқан ұстаздардың бірі. Ал құзырлыоргандарға арызданған ұстаз Сайдакбар Рахметовпен хабарласқанымызда ол: — Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушісі ДаниярЖұматаев директор жұмыстан босатылса, кейін ол сотқа арқылы бəрібір қызметінеқайта келетінін айтып отыр. Бірақ тергеуші «мен одан да жоғары жаққа жазамын,директор орнынан кетеді» деді. Бəрінен көңілім қалды. Оқиғадан кейінИзатуллаева сағаттарымды көбейтіп, «осыменен тоқтаңыз, ешқайда арызданбаңыз»деді. Бірақ мен арызды сағатымды көбейту үшін жазғаным жоқ. Бəрінен де бұрын«директор қызметінен кетпейтін болды ма?» деп, сұрап жүрген мектеп ұстаздарынане айтарымды білмей тұрмын. Екі оттың ортасында қалдым. Соңғы кездеріəлдебіреулер телефон соғып, қорқытады. Жуырда бір азаматша хабарласып, орыстілінде «егер арызданғаныңды қоймасаң, үстіңнен қылмыстық іс қозғатамын» деді. Бірақмен қоймаймын. Əділдік түбі жеңуі тиіс. Облыс əкімі Шөкеевтің қабылдауынакірейік десем, төтенше жағдайға байланысты қабылдамайтын көрінеді,-деді. Яғни,коронавирусқа қарсы шектеулерден Изатуллаева ұтайын деп тұр. Жалпы, Кентауқаласына қарасты елді мекендерде сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрғаны рас. Биылақпанда Шағаға көршілес жатқан Ескі Иқан ауылының əкімі парамен ұсталды.Ақпарат құралдарында жарияланған мəліметтерге қарағанда ауыл əкімі ХасанМуслимов жергілікті бір тұрғынның жерге қатысты құжатына қол қойып беру үшін 4миллион 150 мың теңге пара сұраған. Оның 2 миллион теңгесін алу барысында қолғатүскен. Бізге белгілі болған деректерге қарағанда, кінəсін мойындап қойғанайыпталушының ісі сотқа өткелі жатыр. Масқара болғанда, дəл осы Хасан Муслимовбылтыр интернетте «мен пара алмаймын» деген челленджді бастап, бұл желіде қызуталқыланған еді. Параға қарсы майдан ашқан əкімнің өзі бір жылдан кейін параменұсталды. Сыбайлас жемқорлықпен күреске келгенде шенеуніктердің сөзі мен ісініңбір-біріне қабыспайтынына бұдан артық мысалды табу қиын шығар, сірə. -Осытөңіректе жер алу, мектепке жұмысқа тұру үшін пара беру бұрыннан қалыптасқанжағдай. Бір тұрғынның жерге қатысты құжатына қол қою үшін 4 миллион теңгесұралған соң басқасына не айтуға болады?! Мектепке мұғалім болып тұру үшін 1,5миллион теңге беруің керек. Күзде ауылда жаңа мектеп ашылады. Əлі ашылмағанмектепке жұмысқа тұру үшін əлдебіреулердің ақша жинап жүргені туралы əңгімелержиі айтылады. Тіпті ол мектепке кімнің директор болатыны да алын ала шешіліпқойылғанға ұқсайды. Осы өңірдегі ықпалды біразаматтың жақын туысы көрінеді. Əрине, көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң,нақты бірдеңе деу қиын. Бірақ мұндай əңгімелер бекер айтылмайды ғой?!-дедібізбен тілдескен Ескі Иқан ауылының бір тұрғыны. Былтыр президент Қасым-ЖомартТоқаевтың берген пəрменімен жемқорлық фактілері бойынша лауазымды мемлекеттікқызметкерлерге жаңа міндеттемелер жүктелді. Ескі Иқанның бұрынғы əкімі ХасанМуслимовтің кінəсі дəлелденіп, оған соттың айыптау үкімі шықса, Кентау қаласыныңəкімі Дəурен Махажановтың отставкіге арыз жазатыны айдан анық. Ал облыс əкіміӨмірзақ Шөкев жемқорлыққа қарсы күресте дəрменсіздік танытқан Д.Махажановтыңотставкісін қабылдай ма, жоқ па? Ө.Шөкеевтің «төзімінің» қаншалықты дəрежедеекендігін уақыт көрсетеді.

Бақытжан ƏБДІРАШҰЛЫ,

 Түркістан облысы.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз