Кереку өңірінде биыл 9 мыңға жуық сәби дүние есігін ашқан
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері хабарлағандай, биылғы жылдың 9 айында аймақта 8894 нәресте туған.
Олардың арасында егіздер де жоқ емес. Мәселен, облыс орталығында 71 егіз бала дүниеге келген.-Биыл тоғыз айда туған балалардың ішінде шаһарда дүниеге келген 71 егіз бала тіркелген. Яғни, бұл 142 бала. Олардың 74-і қыз, қалған 68-і ер балалар, -дейді Павлодар облықтық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира ТЕМІРҒАЛИЕВА.Өңірдегі моноқалаларда да осындай егіз сәбилер тіркелген. Мәселен, Екібастұз қаласыннда 16 егіз нәресте туған. Оның 26-ы қыз, 6ы ұл. Ал металлургтер шаһары –Ақсу қаласында 4 егіз бала дүниеге келген. Биыл өңірде дүниеге келген нәрестелердің арасында үшемдер де жоқ емес. Павлолдар облыстық перинаталдық орталығында мамыр айында бір үшем туған екен.Егіз сәбилер Железин, Тереңкөл, Шарбақты, Ертіс аудандарында да тіркелген. Мұндай балалардың жиі шала туылатынан айтқан ақхалаттылар болса, бүгінде олар үшін мамандандырылған орталық ашылғанын айтуда. Шала туылған сәбилерді оңалтуға арналған катамнез кабинеті облыстық перинаталдық орталық ішінен орын тапқан. — Қолдағы бар ақпараттарға қарағанда, шала туылған балалардың басым бөлігінде кейін денсаулығында қандай да бір қиындықтар болады. Сондықтан мұнда облыс бойынша жансақтау бөлімінен өткен сәбилерге көмек көрсетіледі. Биылғы жылы тоғыз айдың ішінде салмағы бір жарым келіге жетпейтін 111 бала дүниеге келген. Міне, осы балалармен жұмыс істейтін боламыз. Бірінші кезектегі басты мәселе – тамақтану. Ана сүтінен басқа балаға қосымша тамақ қажет. Сондықтан медбике баланың бойын, салмағын өлшеп, арнайы кестеге сай тамақтандырады, физикалық жаттығулар жасауды үйретеді, -дейді орталық дәрігері Любовь ХОДЫРЕВА. Айта кетерлігі, жаңадан ашылған кабинетте нейрохирург, ортопед, офтальмолог дәрігерлері қабылдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда ультра дыбыстық зерттеу және тиісті сараптамалар да жасалады. Ал аймақта айына айы-күні жетпестен 40-43 бала туған болса, бір жылдың ішінде шала туғандардың саны 412 баланы құрайды.Фото: inform.kz