Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:21, 04 Сәуір 2024

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

е
Фото: из открытых источников

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы Қырғыз министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді.

Жапаров Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының су тасқынынан зардап шеккен аймақтары үшін Қырғызстанда жасалған өнімдерден гуманитарлық жүк жасақтайтынын айтты.

Жылу электр орталығында апат болған кезде біз ештеңе сұраған жоқпыз, бірақ көршілеріміз гуманитарлық көмек жіберді. Біз де сұрамаса да жіберіп жатырмыз. 8 сәуірде Қазақстан премьер-министрі келеді. Бішкекте тағы қандай көмек қажет екенін талқылаймыз,- деді Жапаров парламент отырысында.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы және Қостанай облыстарында су тасқынына байланысты жағдай қиындағанын айтқан. Ведомство өкілдері республика бойынша 6 облыста (Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Атырау облыстары) су басу қаупі сақталып отырғанын мәлімдеді. 

Фото: ҚР ТЖМ

Тегтер: