Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:26, 03 Маусым 2024

Қытай компаниясы Абай облысында зауыт салады

g
Фото: из открытых источников

Абай облысында жылдық қуаты 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпинмен кездесуінде айтылды. 

Зауыт Абай облысындағы Ақтоғай кентінің маңында салынады. Шикізат көзі Бозшакөл және Ақтоғай тау-кен байыту кешендерінің, «Шығыстүстімет» ЖШС байыту фабрикаларының мыс концентраты болмақ. 

Кездесу нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен жылдық қуаты 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін «Kaz Minerals Smelting» ЖШС, технологиялық жабдықты жобалау және сатып алу қызметтерін жеткізуші компания China Nonferrous Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC), сондай-ақ құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстарының мердігері «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниялары арасында қол қойылды, делінген хабарламада.

Жобаның алдын ала құны 1,5 млрд доллар. Онда 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылатыны айтылған. Жоба 2028 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. 

Айта кетейік, China Nonferrous Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Company Ltd («Non Ferrous China») – акциялары Шэньчжэнь қор биржасында айналымдағы, мемлекет бақылайтын компания. Халықаралық жобалау мердігерлеріне және түсті металдар ресурстарын әзірлеуге қатысады. NFS Қытайдан тыс жерлерде түсті металдарды өндіру және өңдеу бойынша тау-кен активтеріне инвестиция салған алғашқы Қытай компаниясы, сонымен қатар ҚХР-да тау-кен жобаларына иелік етеді. Әлемнің 20-дан астам елінде іскерлік қызмет жүргізеді. NFC Kaz Minerals-дың Бозшакөл, Ақтоғай және Бозымшақ жобаларында жетекші мердігер болды.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: