Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:20, 19 Сәуір 2024

Қытай мұнай-химия корпорациясы Қазақстанда зауыт салады

s
Фото:

Қазақстан шикізатты газ түрінде сатудың орнына полиэтилен өндіреді. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты.

Бектенов әлемдегі ірі мұнай-химия компанияларының басшылары – ның (SINOPEC) президенті Джао Донгпен және «СИБУР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Михаил Карисаловпен кездесті.

Басты мәселе – қуаттылығы жылына 1,25 млн тоннаны, ал жалпы құны шамамен $7,7 млрд-ты құрайтын әлемдік қуаттардың 1%-на тең полиэтилен өндіру бойынша алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін бірлесіп салу.

Кездесу барысында Sinopec-тің жоба қатысушыларының құрамына кіруін ресми түрде аяқтайтын үшжақты хаттамаға қол қойылды. Осылайша, зауыт иелерінің құрылымы келесідей: ҚазМұнайГаз – 40%, SINOPEC – 30%, СИБУР – 30%.

«Полиэтилен» жобасын шикізатпен (этанмен) қамтамасыз ету үшін Теңіз кен орнында газ бөлу кешені (ГБК) салынады. ГБК қуаттылығы жылына 9,1 млрд м3 құрғақ газ өңдеп, оның ішінде жылына 1,6 млн тонна этан өндіру көзделіп отыр. Этан магистральдық құбыр арқылы Теңізден «Карабатан» алаңына («ҰИМТ» АЭА аумағы, Атырау облысы) дейін жіберілетін болады, онда полиэтилен өндіру зауыты жұмыс істейтін болады.

Америкалық лицензияланған Chevron Phillips және Univation технологияларын қолдана отырып, 22-ге жуық полиэтилен маркасын шығару жоспарланып отыр, оның 40%-ы - премиум класс. Өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы қолданудың кең ауқымы полиэтиленді әлемде ең көп сұранысқа ие полимерге айналдырады.

Бүгінгі таңда полиэтилен медицина, протездеу, қорғаныс, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, ғарыш индустриясы және басқа да салаларда қолданылады. Полимер тауарлардың кең желісін өндіруде: пластикалық тозуға төзімді құбырлардан, құрылыс материалдарынан, дәрі-дәрмектерден, шприцтер, протездерден бастап, ғарышкерлерге арналған сауыт-саймандар мен киімдерге, автомобиль бөлшектеріне дейін қолданылады. Мақсатты нарықтарға Қазақстан, ТМД елдері, Қытай, Түркия және Еуропа елдері кіреді. Бұл ретте ішкі тұтыну үшін өткізу бағасы импорттық бағадан төмен болады.

Зауыт құрылысын 2029 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 8 мыңнан астам, пайдалану кезеңінде 850-ге жуық жұмыс орны ашылады. 

Фото: ҚР Үкіметі