Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 06 Мамыр 2024

Қытай төрағасы Си Цзиньпин тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды ұсынды

d
Фото: из открытых источников

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Францияға сапары кезінде Таяу Шығыстағы қақтығысты шешу жолын ұсынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Си Цзиньпин Бейжіңнің Таяу Шығыстағы қақтығысқа алаңдаулы екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл мәселені Палестина мемлекетін құру арқылы шешуге болады.

«Палестина-Израиль қақтығысы бізді алаңдатып отыр. Негізгі шешім - тәуелсіз Палестина мемлекетін құру», - деді Си мырза Le Figaro газетінде. 

Сонымен қатар, Си Цзиньпин үнемі болып жатқан қақтығыстар негізінен БҰҰ қарарларын орындамаумен байланысты екенін айтып,  «екі мемлекет принципінің тозуы мен Таяу Шығыстың бейбітшілік үдерісінен ауытқуынан» тұрақсыздық орын алып отырғанын мәлімдеді.

Басылым Қытай Халық Республикасы Төрағасының Францияға сапары аясында жарық көрді. Оның пікірінше, екі ел Таяу Шығыста бейбітшілікті қалпына келтіруге көмектесу үшін ынтымақтастықты нығайтуы керек.

Си Цзиньпин Францияға жексенбі күні барды, онда ол сәрсенбіге дейін болатыны айтылған.

Фото: Yao Dawei / Xinhua / Global Look Press