Қытайдағы алапат дауыл: 11 адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын зардап шекті
Қытайдың Хубэй провинциясында болған жойқын дауыл салдарынан кемінде 11 адам көз жұмды, тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Табиғи апаттан 330-дан астам тұрғын зардап шегіп, жалпы 14,6 мыңнан астам адамға әсер етті.
Қатты жел мен найзағай Хуанши, Хуанган, Эчжоу және Сяньнин қалаларын қамтыды. Кейбір өңірлерде құйын соғып, екпіні секундына 40 метрден асқан жел көліктерді аударып, ғимараттардың шатырларын ұшырып әкеткен.
Соның салдарынан 22 тұрғын үй толық қирап, шамамен 4,8 мың ғимарат түрлі деңгейде зақымданды. Қазір өңірде іздестіру-құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.