Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:47, 27 Қазан 2023

Қытайдың экс-премьер-министрі Ли Кэцян қайтыс болды

ыс
Фото: из открытых источников

Қытайдың экс-премьер-министрі Ли Кэцян 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz

Ол 2023 жылдың наурызына дейін ел үкіметін 10 жыл басқарды және либералдық реформаларды жақтаушы ретінде танымал болды.

Жергілікті телеарнасының айтуынша, Ли Кэцян жүрек ұстамасынан қайтыс болған.

«Экс-премьерді аман алып қалу үшін дәрігерлер барлық шараны қабылдады. Алайда Шанхай уақытымен 27 қазан сағат 0:10-де саясаткер дүние салды», - делінген хабарламада.

Ли Кэцян 2013 жылы Қытайдың премьер-министрі болды және бір кездері Қытай Коммунистік партиясының ықтимал көшбасшысы саналған. 

«2012 жылдан 2022 жылға дейін Ли Кэцян Қытай Коммунистік партиясының иерархиясындағы екінші адам болды; 2012 жылдан 2023 жылға дейін ол АҚШ-пен «сауда соғысы» және пандемия кезеңінде үкіметті басқарды», деп хабарлайды РИА Новости.