Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 04 Маусым 2024

Қытайлық блогерлер Қазақстанның көрікті жерлерін насихаттайды

л
Фото: из открытых источников

Қазақстан туризмін насихаттау үшін қытайлық блогерлер келді. 

Шара Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ұйымдастырылған. 

Елімізге әлеуметтік желіде миллиондаған аудиториясы бар танымал қытайлық блогерлер келді. Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 28 мамыр – 1 маусым аралығында Aq niet Group және өзге де серіктестермен бірге Қазақстанға арнайы келген меймандарға Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Іле-Алатауы, Шарын және Бурабай ұлттық парктеріне ақпараттық тур ұйымдастырды. Шетелдік қонақтардың қатарында Ni leichu, Qin Mingxi, ChenHuixian, Xu Jia, XueRui секілді атақты блогерлер бар. Олардың жалпы аудиториясы 20 миллионға жуықтайды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, блогерлер Aq niet Group, Esentai Mall, Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы әкімдіктерінің қолдауымен елордадағы Sandyq қазақ тағамдары мейрамханасының ашылу салтанатына қатысқаны айылған.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Тегтер: