Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 23 Мамыр 2024

Қызылордада қаржы пирамидасын құрған ағайындылар құрықталды

1

Соңғы жылдары Қызылорда облысында танылып келе жатқан "Qnet" қаржы пирамидасын құрып, талай адамды сан соқтырған ағайындылар құрықталды.

 Сотталғандардың жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 53 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

"Qnet" қаржы пирамидасының Қызылорда облысындағы бөлімшесі 2020 - 2021 жылдары аралығында ашылған. Ағайындылар желілік маркетинг арқылы өнімдерін таратып, салымшылардың аса ірі көлемдегі қаржыларын қолды еткен.

Жүргізілген қылмыстық тергеу нәтижесінде қылмыскерлердің жәбірленушілер есебінен кейбір азаматтарды байыту жолымен ұйымдастырылғандығы анықталды. 40 салымшыға жалпы алғанда 53 миллион теңге шығын келіп отыр.

"Қазір осы жағдай бойынша қосымша үш қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Іс негізінде 40 адам жәбірленуші деп танылды, оларға келтірілген шығын толықтай өтелді. Қаржы пирамидасын құрған ағайындылардың кінәсі толық дәлелденіп, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды", - деп мәлімдеді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп - тексеру департаментінің басқарма басшысы Ерлан Қасқырбайұлы.

Айнұр Төлешова

Тегтер: