Live

Қызылордада қауіпті аймақта жұмыс істейтін медицина қызметкерлері зейнетке шығу мәселесіне шағымданды

Қызылордада туберкулезбен ауыратын науқастармен тікелей жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерлері зейнетке шығу талаптарының жеңілдетілмеуіне наразылық білдіріп жатыр.

медициналық көмек


 Олар жылдар бойы жоғары қауіп жағдайында еңбек еткенімен, еңбектері тиісті деңгейде бағаланбай отырғанын айтады.

Санитарлар мен медбикелердің сөзінше, ең ауыр әрі ең лас жұмысты атқарса да, олардың әлеуметтік қорғалуы өте төмен. Мамандар бірнеше рет тиісті органдарға жүгінгенімен, мәселе шешілмей, жағдай сол күйі өзгеріссіз қалған.

Қызметкерлер күн сайын қауіппен бетпе-бет келетінін айта отырып, әділдік пен өз құқықтарының орындалуын талап етеді. Ал бұл жағдайға қатысты Қызылорда облысының әкімі әзірге ешқандай реакция білдірмеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз