Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:32, 14 Мамыр 2024

ҚМДБ мешітте болған жанжалға қатысты мәлімдеме жасады

d
Фото: из открытых источников

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған жанжалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ведомства мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 12 мамырында болған.

Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады. Еске сала кетсек, ҚМДБ бекіткен "Мешіт ережесі" бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады, делінген хабарламада.

Фото: Instagram/ 100baksoff_original 

Тегтер: