ІІМ-ге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1,3 триллион теңге бөлінеді
Алдағы бес жылда елдегі қоғамдық тәртіпті қорғауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шамамен 1,3 триллион теңге жұмсау жоспарланған. Бұл туралы КазТАГ хабарлайды.
«Бюджеттік бағдарламаның шығыстары толық көлемде («Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», мың теңге – ): 2023 ж. – 222 549 068,1; 2024 ж. – 287 990 467; 2025 ж - 286 694 157; 2026 ж - 256 263 665; 2027 ж – 233 531 853», – делінген бюджет жобасында.
Жалпы сома 1 287 029 210 100 теңгені құрайды.
Жобаның мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ адамның өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін заңсыз шабуылдардан қорғау. Нашақорлықтың және олардың заңсыз айналымының жолын кесу.
«Міндеттері: Көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда сенімді құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қорғауға жататын объектілер мен жеке тұлғаларды қорғау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау, сарапшылар мен аудармашыларды тарту арқылы қылмыстық істерді тергеудің толықтығын қамтамасыз ету. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда және мемлекет қорғауындағы объектілерде жасалған құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу», - делінген жобада.
Сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте профилактикалық құрамды арттыру және атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың санын азайту міндеттері туралы да айтылған.
© Photo: Polisia.kz