спорт

Көк-бөрүден Қазақстан Қырғызстанға 0:12 есебімен есе жіберді

Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк-бөрүдән Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы финалдық кездесу аяқталды.

Көкпар

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша алаң иелері Қазақстан құрамасын 12:0 есебімен жеңді. Осылайша, Қырғызстан көк-бөрүдән алтын медаль иеленсе, Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көкпардан да алтын жүлдені сарапқа салып жатыр. Қазір финалдық кездесу өтіп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, есеп – 3:2, Қырғызстан құрамасы алда келеді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамызда басталды және бүгін, 6 қыркүйекте аяқталады. Жарысқа әлемнің 113 елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 43 дисциплина бойынша жүлделерді сарапқа салуда.

Тегтер: көкпар
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз