спорт

Көкпардан Қазақстан Қырғызстаннан 2:7 есебімен жеңілді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы финал кездесуі аяқталды.

Көкпар

Тартысты өткен шешуші бәсекеде Қырғызстан құрамасы Қазақстанды 7:2 есебімен жеңіп, Көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді.

Финал 6 қыркүйекте Шолпан-Атада өтті. Қазақстан мен Қырғызстан көкпардан жарыстың бас жүлдесін сарапқа салған еді. 

Бұған дейін екі ел құрамасы көк бөрүден де финалда кездескен. Бұл бәсекеде Қырғызстан Қазақстанды 12:0 есебімен жеңіп, алтын медаль алған. Қазақстан көк бөрүден де күміс жүлдегер атанды. 

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күнінде Қазақстан мен Қырғызстан көкпар және көк бөрү бойынша екі алтынды өзара сарапқа салып, екі бәсекеде де алаң иелері жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде көш бастап келеді. Соңғы мәлімет бойынша, ұлттық құраманың қоржынында 32 алтын медаль бар. Осы көрсеткішпен Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірінші орында тұр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз