Live

Көкшетауда адам қаққан жүргізушінің күйеуі амнистияға ілікті

Көкшетауда жұбайы көлікпен әйелді қағып өлтірген автокөлік иесіне қатысты қылмыстық іс амнистияның қолданылуына байланысты тоқтатылды.

Көкшетау әйел өлімі

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамға қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілген.

Қайғылы оқиға 9 мамыр күні Сарыарқа шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Аулаға кіріп келе жатқан автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Көлік тізгінінде автокөлік иесінің жүргізуші куәлігі жоқ жұбайы отырған.

Бұған дейін Көкшетау қалалық соты әйелді жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп таныған.

Сот оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, үкімнің орындалуын үш жылға кейінге қалдырған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз