Өңір

Көкшетауда шетелдік көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқандар ұсталды

Көкшетау қаласында 68 шетелдік көлікті заңсыз тіркегендер анықталды, деп хабарлады ҚМА.

көлік

Агенттік мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, 2 адамның жалған төлем құжаттарын пайдаланып, алымдарды төлемей шетелдік көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын – шамамен 449 млн теңге, – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз