Көкшетаудағы КСРО-ның картасы
Көкшетау қаласының әкімі Ермек МАРЖЫҚБАЕВ президенттің тапсырмасын қашан орындайды?
Көкшетау вокзалдарын «Рухани жаңғырту» қажет. Себебі, қаланың қақпасы саналатын бұл ғимараттарда КСРО кезеңнен қалған белгілер әлі тұр. Әсіресе, шойынжол сапаржайындағы үлкен КСРО картасы алыстан-ақ, анық байқалады. Әрине, мұндай көрініс кез-келген тәуелсіз ел азаматының наразылығын тудырады.
– Көп вокзалдарда болып жүрміз, оларда Қазақстанның картасы тұрады. Ал, біздің стансада ылғи КСРО-ның артасын көреміз. Ол дұрыс емес, әрине. Қазір басқа заман. Немерелерім сұрайды «Неге СССРдің картасы тұр» деп? Не айтарыңды білмей қиналасың, – дейді көкшетаулық Сабыр МӘЖІТОВ. – Алып тастаған дұрыс деп ойлаймын. Біз қазір көркейіп жатқан дербес Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз, –дейді тағы бір қала тұрғыны Еркебұлан БАРЛЫБАЙҰЛЫ.
Бірер күн бұрын бұл жағдай әлеуметтік желіде де дау тудырған болатын. Артынша, Астанадағы басшылықтан ескі картаны алып тастау жөнінде нұсқау келген екен. Десе де, мұндағы қызметкерлер қабырғаның түсіне сәйкестендіріп, ақпен бояп, көзге түспеудің ғана амалын жасапты. Ал, оны біржола жардан алып тастауға әзірге құлықсыз көрінеді. Айтуларынша, бұл карта 1981 жылдан бастап қызмет етіп келе жатқан вокзалдың тарихи естелігі.
– КСРО құлағанмен, ТМД болып қалды емес пе? Сондықтан бұл карта осы күнге дейін сақталып тұрды. Қазақстандағы теміржол байланысының қаншалықты ауқымда екенін көрсетуге маңызы зор әрі тарихи естелік. Картаны біз біржола алып тастамаймыз, толықтырулар енгізіп, жаңаша кескінделетін болады, – дейді Көкшетау темір жол вокзалы мұражайының жетекшісі Мажит ГАЛИМЖАНОВ. Теміржол воказалына көрші тұрған автокөлік сапаржайында Лениннің басы таңбаланған карта да әлі күнге шейін тұр. Сондай-ақ, қаланың көрнекті аумақтарында Ленин ескерткіштері сақталған." Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға қала әкімдігі шынымен ниетті болса, отарлау саясатын жүргізген Кеңес үкіметін еске салатын белгілерден қаланы тазартса екен дейді бұқара.
Фотолар автордікі.