Саясат

Көлгінов кімді алдап отыр?

Нұр-Сұлтанқаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ әкімдікке жаңа жиһаз бен креслолар сатып алып жатқаныжөніндегі ақпаратты жоққа шығарып, жұртты fake news-ке сенбеуге шақырды.

Көлгінов кімді алдап отыр?

Ол әкімдіктіңжиһаз сатып алатыны жөніндегі хабарландыруды мемлекеттік сатып алуларпорталынан алдыртып тастайтынын айтты. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 3 921178 теңгеге жиһаз сатып алатыны жөніндегі хабарландыру мемлекеттік сатып алуларпорталында әлі тұр.

"Кеше әлеуметтік желіде «менің»жаңа кресло сатып алып жатқаным талқыланды. Жұмысым бастан асады, кресло алуғамұрша жоқ. Кабинетте емес, көп уақыт сыртта жұмыс істеймін. Сондықтан fakenews-ке сенбеуді сұраймын", – дейді А.Көлгінов Twitter-дегі жазбасында.

Қызығы, жаңа жиһазсатып алатыны жөніндегі мәліметті Көлгінов fake news деп атап, жалған ақпаратқажатқызса да, жазбасының соңында "Жиһаздыжаңартқысы келген әкімдіктің қызметкеріне бұл бастамадан бас тартудытапсырғанын" жазыпты.

А.Көлгінов Twitter-дегіәлгі жазбасын бүгін, шілденің 4-і күні кешкі сағат 17:13-те жазған. Дегенменмемлекеттік сатып алулар порталында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 840 607теңгеге жетекші креслосының төрт данасын сатып алатыны жөніндегі хабарламасы әлі солқалпында тұр. 

 Сондай-ақ жетекші кабинетіне құны 3 080 571 теңге тұратын екі жиһаз гарнитурын сатып алатыны жөніндегі хабарлама да порталдан сол күйі алынбаған. 

Порталдағымәліметке қарағанда, Нұр-Сұлтан әкімдігі жиһаздарға қатысты ұсыныстарды 7 шілдекешкі сағат 17.00-ге дейін қабылдайды. Яғни әкімдік тендерінің аяқталуына біртәуліктен аз уақыт қалған. Мемлекеттік сатып алулар порталында бұған қатыстыұсыныстар әлі қабылданып жатыр.

А.Көлгінов жиһазсатып алатыны жөніндегі хабарландыруды мемлекеттік сатып алулар порталынан алдыртып,жиһаз жаңартудан бас тартамын деген уәдесінде қаншалықты тұратынын назардаұстайтын боламыз.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз