Қоғам

Көлгіновтің әкімдігі мебель мен креслоларға миллиондар шашпақ

Нұр-Сұлтанға жаңа әкім Алтай КӨЛГІНОВТІҢ келуімен әкімдіктегімебельдер мен креслолар да жаңарып жатыр.

Көлгіновтің әкімдігі мебель мен креслоларға миллиондар шашпақ

Көлгінов келе салып креслолар менмебельдерге миллиондар жұмсауды жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатыпалулары веб-порталындағы мәліметке қарағанда, Астана қаласы әкімдігі әзірге 4дана «бастық креслосын», 2 дана «басшы бөлмесінің жиһазын» сатып алмақ. Осыныңөзіне кететін шығын – 4 миллион теңгеге жуық.

Атап айтсақ, бастық креслосының әр данасына 210мың 151 теңге (210 151.78 теңге); ал басшы кабинеті үшін жиһаздың әр данасына 1540 285 теңге (1 540 285,71 теңге) жұмсалмақ. Нәтижесінде мебель ауыстыру үшінғана әкімдік 3 921 178,54 теңге жұмсамақ болып отыр.

Эргономикалық пішіндегі, биіктігі 75 см болатынүстел мен үстелге қоятын тіреуіш, мобильді қондырғының бөлшектері; шкафтар,т.б. – бұлар «басшы кабинетіне арналған мебельдерге» жатады. Бұл мебельдергеқойылатын талаптар арнайы құжатта бекітілген.

Одан бөлек кресло. Креслоға қойылатын талаптыңнегізгісі  — 120 кг дейін салмақ көтереалуы. Бұл креслолардың нақты қай басшыға арналғаны белгісіз, десе де осы талапнегізінде бұған отыратын төрт шенеуніктің де салмағы 120-дан аспайтынытүсінікті. Мүмкін, бұл төртеудің бірі Көлгіновтің өзі болуы да мүмкін. Мынадайталапқа сай креслоның қала әкімін еркін көтеретіні анық.

Құжаттағы креслоға қойылатын талаптар мынадай:

«Ботицеллидің ДБ-13 басшысына арналған кресло –тіреуіш механизмі жоқ, салмақ шектеулері: 120 кг, негізі: ағаш, жақтау:монолитті емес, өндіруші: Ресей қолғаптары: биіктігі бойынша реттеу.Тауарлардың көлемі 130 х 63 х 71, қорап мөлшері 94 x 80 x 65. Өндіруші еліРесей. Макс 120 кг жүктеу. Түсі тапсырыс берушімен келісіледі».

Конкурстық құжаттамаға сатып алынатын тауарлардыңтехникалық ерекшелігі қысқаша айтқанда шамамен осы. № 3484117-1 және №3484304-1 сатып алу бойынша жарияланған конкурсты қала әкімдігі қашанаяқтайтыны белгісіз. Өйткені, шартта сатып алу мен оны орнату мерзімі –«келісімге сәйкес" екені көрсетілген.

Фото: caravan.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз