Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 25 Қаңтар 2024

"Конец Актобе" арнасы: белгісіз адамдар мектеп оқушыларына шабуыл ұйымдастырмақ

теракт
Фото: из открытых источников

Телеграмда белгісіз адамдар «КонецАктобе» атауымен арна ашып, 26 қаңтар күні Ақтөбе мектептеріне шабуыл жоспарлап жатқаны жайлы ақпарат шықты. Бүгінде ақтөбелік ата-аналар бұл ақпараттан кейін балаларын мектепке жіберуге қорқып, алаңдаушылық танытуда, деп жазды Zhasalash.kz.

Арна 24 қаңтар күні ашылған. Алғашқы жазбада арна иесі 2021 жылы Ресейдегі №175 гимназияда 9 оқушыны атып өлтірген теракт сияқты, Ақтөбе мектептеріне шабуылдайтынын жазған. 

«Бұл менің күнделігім болып қалсын. Мен Ресейде оқушыларды атып өлтірген Ильназ Галявиев сияқты Ақтөбе мектептеріне жаппай шабуыл жасағым келеді. Мен жақында қару алдым, бұл шабуыл туралы жылдар бойы ойлап келдім, бірақ осы жолы анық шешім қабылдадым. Ақтөбе 26.01.2024 күнді ешқашан ұмытпайтын болады»,- деді ол.

Арнада олар 20 орыс ұлтшылдар екенін, әрі қазақтарды жойғысы келетінін жазған. Тіпті шабуыл жасайтын мектептер мен қоғамдық орындардың тізімін жариялады. Айтуларынша, олардың бұлай теракт ұйымдастыруына қазақтардың қорлығы себеп болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті аталған фактіге байланысты мәлімдеме жасады.

- Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз,- деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
теракт
Фото: из открытых источников