Аймақ

Контейнер жатақханада қайтыс болғандар туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Бұдан бұрын «Жас Алаш» Құмкөл кенішіндегі «Бектас-Қоныс» кен орнында қайғылы жағдай орын алғананы жазған болатын. «Бектас-Қоныс» кен орнында қаза тапқандар туралы жаңа мәліметтер белгілі болды.

Контейнер жатақханада қайтыс болғандар туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Олардың екеуі ер адам, біреуі әйел екені анықталды. Қайтыс болғандардың екеуі Қызылорда қаласынан, үшіншісінің Сырдария ауданының тұрғыны екені де мәлім болды.

— Өрт қауіпсіздігі сақталмағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс бойынша сараптамалар тағайындалды, – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

Жұмысшылар еңбек еткен компания қыркүйек айынан бастап жұмысын бастаған екен.

Тегтер: Без Тега
Нұр-Қасым Жомарт
Нұр-Қасым Жомарт Нұр-Қасым Жомарт

Оқыңыз