Коронавирус: аграрлық статистика не дейді?
Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров елдегі коронавирус эпидемиясынабайланысты азық-түлік проблемасының жоқ екенін айтыпты, өйткені жергіліктіжерлерде сақталған тұрақтандыру қорының көлемі 1,2 миллион тоннаны құрайды, ол5-6 айға жететін көрінеді.
Енді есептейік, азықтың 19 түрі бойынша сақталған 1,2миллион тоннаны 18 миллион қазақстандыққа бөлсек, әр адамға 66 келіден тиедіекен. Енді оның 19 түрінің дәмін тату үшін әр адамға 3,5 келіден болады. Бұл сақталғанқордағы азықты жарты жыл жегенде әр адамға 19 грамм көлемінде келмек. Ауада ұшыпжүрген коронавирустың салмағындай ғана. Көктемде ол қор қайдан толықсын, құдайберген Қытайдың шекарасы да жабық.
Ал енді әрбір қазақстандықтың орташа бір жылда пайдаланатыназық-түліктің БҰҰ Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен физиологиялықнормасына көз жүгіртейік. Нан және нан өнімдері (ұнға есептегендегі) – 120,5 кг,картофель – 96,7 кг, көкөніс және бақша өнімдері – 140,3 кг, жеміс-жидек – 80,3 кг, ет және ет өнімдері – 70,1 кг, сүт – 359,9 кг, жұмыртқа – 243 кг, өсімдік майы мен маргарин– 13,1 кг, қант және кондитер өнімдері –36,5 кг, балық пен балық өнімдері – 8,3 кг.Бір күндік пайдаланатын калория 3126 ккал болуы тиіс.
Ал Қазақстандағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, әрадам жылына орташа алғанда нан және нан өнімдерін – 122-124 кг, картофель – 45-49кг, көкөніс және бақша өнімдерін – 73-86 кг, ет және ет өнімдерін – 49-67 кг, сүт– 204-221 кг, жұмыртқаны – 120-156 кг, өсімдікмайы мен маргаринді – 13,1 кг, қант жәнекондитер өнімдерін – 36,5 кг, балық пенбалық өнімдерін – 8,3 кг пайдаланады. Бұл статистикалық мәліметтерді өз уақытындатабу қиын, сондықтан деректер ескілеу, дегенмен қазіргі жағдай бұдан қатты өзгердідеуге болмайды. Бастысы – қазақстандықтар нанды мөлшерден тыс көп пайдаланады,бұл кедейшіліктің көрінісі. Басқа нормалардан біздің көрсеткіштеріміз көп төмен.
Аграрлық экономикадағы статистика түзелмей, бұл саладажетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Статистика не үшін керек, ол бұл саланыреформалау мен мемлекет тарапынан дұрыс басқару және экономикалық реттеу үшінкерек. Егер бір нәрсе жетіспей тұрса, сол салаға үкімет мән береді, оны түзеугекөңіл бөледі. Ал бәрі жақсы деп көзбояушылыққа салынғанда, қордаланған проблематүбі шығады және оның зияны көп болмақ.
Мысалы, жыл сайын миллиондаған гектар жерге астықегіледі, одан «рекордтық өнім» жиналып жатады. Ол қайда кетіп жатыр, сонша өнімел тұрғындарына қажет пе? Қазақстандықтардың тамаққа пайдалануына тек 2,2 млнтонна ғана қажет, тұқым, тағы басқасы бар дегендей, көп болса 3-4 млн деңгейіндеболар. Сонда бұл көзбояушылық кімге керек? Оның пайдасы тек әкімдердің жыл соңында орден алулары үшін ғана керек сияқты.
Азық-түлік балансы терең талдауды қажет етеді. Импортталатын өнім, яғни азық-түлік сырттан тасымалданатын көлемі жылына4 миллиард АҚШ долларын құрайды екен, халықтың айлығының тең жартысы сол тамақты сатып алуға кетеді. Жалпы, өзімізден шығатын өнімнің балансын кімшығарып отыр? Егер ондай жұмыстар министрліктер тарапынан жасалып жатса, негежариялылық жоқ?
Не істеу керек? Прокуратура және ұлттық қауіпсіздікоргандарының қатысуымен әр ауданда азық-түлік өнімдерін шығару көлемін терең тексерукерек, мұндай тексеріс статистика саласында төменнен жоғарыға дейін жүргізілуітиіс. Неге? Өйткені ел аумағында шығатын азық-түлікпен қамтамасыз ету мемлекет қауіпсіздігінсақтаудың басты көрсеткіші. Бұл жұмыс қандай деңгейде? Ол кем дегенде 80 пайызболуы тиіс, ал бізде шынайы жағдайда бұл көрсеткіш көп төмен. Әртүрлі ақпараттардатүрліше цифрлар жүр, 40-50, 60-65 пайыз дегендей (нақты мысалдар келтіругеболады).
Кеңес дәуірінде көзбояушылықпен (приписка) күрес қатаң жүргізіліп, басшылар қызметтерімен қоштасып жататын, қазірде бұл күресті жүргізбесе, ауа жұтып жүре беретініміз белгілі. Ал халық оған шыдайма, соны да ескерген жөн.
Атамұрат Шәменов,
экономика ғылымының докторы