Коронавирус жұқтырғандардың саны 150-ге жетті
Алматыда коронавирустың тағы 5 оқиғасы тіркелді, — деп хабарлайды Денсаулықсақтау министрлігі.
Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандардың саны150-ге жетті. «Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 150 оқиғасырасталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда — 75 жағдай, Алматы — 55 жағдай, Қарағанды — 4 жағдай, Жамбыл облысында — 3 жағдай, Атырау облысында — 3 жағдай, Ақмолаоблысында — 3 жағдай, Шымкент — 2 жағдай, Алматы облысында — 1 жағдай, Ақтөбеоблысында — 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 жағдай, Павлодароблысында — 1 жағдай, Маңғыстау облысында — 1 жағдай», — делінгенхабарламада.