Коронавирусқа шалдыққан 242 науқастың жағдайы ауыр
«22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан (13 679 – КВИ+ және 7 606 – КВИ-) емделуде.
Олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында: — 242 адамның жағдайы ауыр; — 53 пациенттің жағдайы өте ауыр; — 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.