Әлеумет

Коронавирустан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты ҚМДБ пәтуасы шықты

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қауіпті жұқпалыаурулардан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты жаңа пәтуа бекітті.

Коронавирустан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты ҚМДБ пәтуасы шықты

Тізімде Covid-19 инфекциясы да бар.

Шариғат бойынша қайтыс болған мұсылманды жуындыру, кебіндеу,оған жаназа намазын оқу және жерлеу – парыз. Қазақстан мұсылмандар дінибасқармасының кеңесі өте қауіпті жұқпалы (туляремия, эбола, коронавирус, обат.б.) аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жуындыруға және жерлеугеқатысты төмендегі шараларды жүзеге асыруды мақұлдады:

Мәйітті жуындыру

Өте қауіпті дерттен қайтыс болған адамды жуындыру рәсіміарнайы мемлекеттік мекеменің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкесжүзеге асуы тиіс. Мәйітханада жуындыру шарасы шариғат талабына қайшы келмесе,мәйітті қайта жуындыру шарт емес.

Мәйітті кебіндеу

Шариғат талабы бойынша, мәйіт кебінделуі міндет. Ер кісі 3 қабатматамен, ал әйел 5 қабат матамен кебінделеді. Алайда, жұқпалы дертке шалдығыпқайтыс болған кісіге кебіндеу ісі, санитарлық қағидаларды сақтайтын арнаулықызметкердің тарапынан жасалады. Сондықтан, мәйітханада кебінделген мәйітшариғатқа сай болса, қайта кебіндеу шарт емес.

Жаназа намазын оқу

Қауіпті індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайдажаназа намазына марқұмның ең жақын туыстарының қатысуы жеткілікті. Сақтық шараларыүшін адам санын барынша азайту керек. Қалалық жағдайда індеттің қоғамдық ортаға(көпқабатты үй тұрғындарына, көршілеріне т.б) таралмауы үшін марқұмдымәйітханадан тікелей зират басына апарып, сол жерде жаназа намазын оқып,жерлеуге шариғатта рұқсат етілген. Жаназа рәсімдерін жергілікті имам атқарады.Намаз оқыған кезде санитарлық нормаға сай мәйіт имам мен жамағаттан қашық жергеқойылады.

Мәйітті жерлеу

Мәйітті зиратқа денсаулық сақтау мекемесінің мамандары арнайыкөлікпен жеткізеді. Қабір эпидемиологиялық нормаға сай қазылуы тиіс. Мәйіттіжерлеу рәсімінде биоқауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс. Жерлеудің барлықрәсімін медицина мамандары жүзеге асырғаны абзал. Санитариялық-эпидемиологиялықмекемесінің рұқсатынсыз мәйітті үйіне немесе басқа мекен-жайға (өзге қала,туған жеріне) апармаған дұрыс. Мұндағы мақсат – жұқпалы індеттің өзгеаймақтарға таралуының алдын алу.

Егер санитариялық-эпидемиологиялық мекемесі тарапынан мәйіттішариғат жолымен жуындыруға, кебіндеуге рұқсат берілмесе шариғаттың зәрулікүкімі негізге алынады. Мәйітханада оралған мата, арнайы қап немесе табыташылмастан жерленеді. Жаназа намазы мәйіттен алыс тұрып оқылады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз