Өңір

Коронавирустан қайтыс болған шымкенттік туралы жаңа мәлімет шықты

Шымкент қаласында бүгін таңертең коронавирус індетіненқайтыс болған азаматтың Түркістан облысы, Қазғұрт ауданы, Рабат ауылыныңтұрғыны екендігі белгілі болды.

Коронавирустан қайтыс болған шымкенттік туралы жаңа мәлімет шықты

«58 жастағы азамат ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болыпістеген.  Транзитпен жол жүріп баражатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 11 сәуірде Шымкентқаласының жұқпалы  аурулар ауруханасынатүскен.  Денсаулығының нашарлауына байланыстыреанимациялық бөлімге жатқызылып, ИВЛ аппаратына қосылған.  Науқас бұған дейін артериалдықгиперензия  ауруымен диспансерлік есептетұрған. Оған емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалықмамандармен бірнеше рет кеңес жүргізілген. Бүгін таңғы сағат жетілер шамасында науқас реанимациялық бөлімде қайтысболды»,-делінген Шымкент қалалық әкімдігінің таратқан мәліметінде.

Қазіргі уақытта науқаспен қарым-қатынаста болған оның ұлыШымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарғажатқызылған.

Бақытжан ӘБДІРАШ,

Түркістан облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз