Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:56, 28 Тамыз 2024

Депутаттар демалыстан жұмысқа шығады

s
Фото: yedilov arnasy

2 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары сегізінші шақырылымның екінші сессиясын жауып, 28 маусымнан бастап демалысқа кеткен болатын.