Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:25, 04 Наурыз 2024

Қошанов Ресейге барды

Мәжіліс төрағасы
Фото: AMANAT партиясы

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресей Федерациясына барды. 

Мәжіліс төрағасы екі қалада кездесу өткізеді.

Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.

Қазанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.

 

Фото: AMANAT партиясы