Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 04 Мамыр 2024

Қостанай облысында Ан-2 ұшағы суға аударылып түсті

s
Фото: из открытых источников

Кеше Қостанай облысында санитарлық авиацияның ұшағы апатты жағдайда суға аударылып түсті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасын мәлімдеді. 

Дәрігерлер ұшақпен миокард инфарктісіне шалдыққан науқасты ауруханаға алып бара жатқан. Науқасты тасымалдауға өтініш 3 мамырда сағат 09:04-те медициналық авиацияның электронды поштасына түскен.

Науқасты «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК-на тасымалдау мақсатында 16.00 сағат 09 минутты көрсеткенде құрамында екі ұшқышы, дәрігер мен фельдшері бар санитарлық авиация бригадасы Арқалық қаласы бағытында ұшты. Болжамды себебі бойынша ұшып көтерілу кезінде екпінді желдің салдарынан санавиация борты аударылды, делінген хабарламада.

Мекеме пациенттің жарақаттарсыз және жағдайы қалыпты күйде "Арқалық өңірлік ауруханасы" КМК-на жеткізіліп, аурухана жағдайында ем алып жатқанын айтты. Сонымен қатар, жарақаттары және зақымдаулары жоқ санитарлық авиация бригадасы аурухананың медициналық персоналдың қадағалауында және бақылауында екенін айтты.

Фото: obl_zdrav_kostanay 

Тегтер: