Қоғам

Қостанайда 9 млн теңге заңсыз сыйақы алған күдікті ұсталды

Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

ы

Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған, делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды. Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% — құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: жемқорлық
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз