Назарбаевтың тағы бір мүсіні алынып тасталды
Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайынан Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз мүсіні алынып, оның орнына Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсіні қойылды.
Мұражайдағылардың айтуынша, өзгерістер көрме залдарының экспозициясын жаңартудың әлемдік музей тәжірибесіне сәйкес орын алған. Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіні кездейсоқ емес, оның жүз жылдық мерейтойына орай таңдалған. Көрме генералдың өмір жолы мен әскери қызметін толық қамту мақсатында кеңейтілген.
Ал тұңғыш президенттің мүсіні Музей қорында сақтаулы. Әзірге оны бір жерге жылжыту туралы жоспар жоқ. Тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, дейді музей өкілдері.
Айта кетейік, Назарбаевтың мүсіні аталған мұражайға 2018 жылы қойылған.