Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:47, 06 Маусым 2024

ҚР Сенаты «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады

Сенат
Фото: ҚР Сенаты

ҚР Сенаты «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Аталған заңда:

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына грант беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

Жарияланған материалға талап қоюдың ескіру мерзімін бір жылға белгілеу;

Мемлекеттік тілдегі теле және радиобағдарламалар көлемін 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайту және шетелдік бағдарламаларды ретрансляциялау үлесін 20%-дан 10%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.

Сонымен қатар қоғамның адамгершілік тұрғысында дамуына зиян келтіру мен жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарға нұқсан келтіруге орай заңдардағы жаңалықтарда уәкілетті органның құзыретіне бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жөніндегі функциялар енгізу, сондай-ақ журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету және БАҚ сауалдарын қарау мерзімдерін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту да бар, делінген хабарламада.