Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 05 Наурыз 2024

Кремльдің Навальныймен қоштасуға келген халыққа қатысты «айтары жоқ»

Халық
Фото: www.epochtimes.ru

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оппозициялық саясаткер Алексей Навальныймен қоштасу кезінде бірнеше шақырымға созылған халық санына байланысты ешқандай пікірі жоқ екенін айтты.  

Журналистердің "Кремль мұндай қолдауды маңызды деп санай ма?" деген сауалына Песков:

«Біз бұл тақырып бойынша ештеңе айта алмаймыз және бұдан әрі айтатын ештеңеміз жоқ деп есептейміз», - деді Путиннің баспасөз хатшысы. 

Айта кетейік, Алексей Навальный 1 наурыз күні Мәскеу маңында жерленген. Тәуелсіз бағалаулар бойынша жерлеуге кемінде 16,5 мың адам қатысқан. Келесі күндері, 2 және 3 наурызда тағы бірнеше мың адам саясаткердің бейітіне гүл шоқтарын қойды.

Жерлеу рәсімі күні Песков Кремль Навальныйдың туыстарына айтары жоқ екенін және оны саяси қайраткер ретінде бағалай алмайтынын айтты.

Фото: news.online.ua (ALEXANDER NEMENOV/