Саясат

«КСРО-ны сақтап қалуға болатын еді»

КСРО-ның соңғы басшысы Михаил ГОРБАЧЕВ КСРО-ны сақтап қалуға болатынынмәлімдепті.

«КСРО-ны сақтап қалуға болатын еді»

Бұл туралы ресейлік РИА НОВОСТИинтернетбасылымы жазды.

«Мен Одақ жаңару арқылы республикаларсаяси еркіндік, экономикалық дербестік, мәдени дамып, демократиялық федерацияғаайналады деп сендім», — депті КСРО-ның соңғы басшысы.

Горбачевтың айтуынша, бұл үшін жаңа Одақ келісімі жасалуы тиіс болған. Алайда,1991 жылы тамыз оқиғасы оның жолын кесті. «Мен соңына дейін одақтың тарамауынабарымды салдым» деді саясаткер. КСРО құрамындағыең үлкен мемлекет Ресей. Оныңбасшысы Борис ЕЛЬЦИН дезинтеграция жолын таңдады.

«Одақ тараған соң ондаған миллион адамсоның зардабын тартты. Әлеуметтік сауалнама кезінде ресейліктердің көбіКСРО-ның ыдырағанына өкініш білдірген. 1990 жылдарды өмірлеріндегі ең ауыркезең деп есептейді», — деген-ді М. Горбачев.

Фото: 3vozrast.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз