Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:59, 10 Мамыр 2024

Құлыбаев Лондондағы зәулім үйін сатты

d
Фото: из открытых источников

Құлыбаев 2007 жылы сатып алған Лондондағы зәулім үйін сатты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Financial Times мәліметінше, North Wind Capital инвестициялық компаниясы қазақстандық олигарх Тимур Құлыбаевтың Лондондағы үйін 34,7 миллион фунт стерлингке сатып алды.

Мәміле 2024 жылдың наурыз айының соңында жасалған. Құлыбаев бұл үйді 2007 жылы 25,8 миллион фунт стерлингке сатып алған.

Ғимарат Букингем сарайының маңында орналасқан. Сарайдың жаңа қожайыны Deutsche Bank-тің бұрынғы директоры Бен Уильямс бұл сарайды жөндеуді жоспарлап отыр. Құлыбаев өзі иелік ететін көрші ғимаратты да сатпақшы, бірақ оны сатып алушылар әлі табылмаған.

Айта кетейік, 2024 жылдың басында Тимур Құлыбаевтың байлығы 4,6 миллиард долларға жеткен. Оның негізгі табысы қаржылық бизнестен келеді.

Фото: Оли Скарффа/Getty Images