Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:52, 04 Маусым 2024

Құлыбаевтың әкесінен мұнай терминалы тәркіленді

ы
Фото: из открытых источников

Асқар Құлыбаевқа тиесілі Ақтаудағы теңіз сауда портында орналасқан 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген. Ал, мұнай терминалының құны 66 млн АҚШ доллар болады. 

Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. 2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.