Әлеумет

Күнгей халқы әкімдердің уәдесінен жалықты

Қарағанды қаласының іргесіндегі Күнгей елдімекеніне өркениет жетер емес. Тірлігі қашан да қайнап жататын Қарағандының шетіндегі Күнгейге келе қалсаңыз шалғай ауылдардыңбіріне тап болғандай күй кешесіз.

Күнгей халқы әкімдердің уәдесінен жалықты

 Алмалы, Күнгей-3 ықшам ауданы тұрғындарыныңайтуынша  мұнда тіпті ауыз су, электрэнергиясы тартылмаған. Тіпті, жол да жасалмаған. Кейбір көшелерге су жіберуқұбырлары тартылып, электр бағандары қойылғанмен, бұлардың өзі сусыз жарықсызотыр.

Қаланың іргесінде отырып 14 жыл бойы сусыз, электржарығынсыз отырғандар көп. Мұндағы жұрт ауыз суды Қарағанды қаласының орталықкөшелерінен тасиды. Сонымен қатар Күнгей елдімекенінде осы бірнеше жыл ішіндежол мәселесі де шешілмей келе жатыр. Мұнда автокөліктің жүруі өте қиын. Күнгейліктерөрт болса немесе басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса, жедел жәрдем мен өртсөндіру көлігі бізге келмейді деп қынжылады.

Күнгей-1 ықшам ауданына бірінші кезектебиліктегілер коммуникациялық желілерді тартқан. Алайда осы аудандағы кезектетұрса да тізімге ілікпей желіден құр қалған 250 үйге тоқпен ауыз су тартылмапты.Күнгейліктерге шенеуніктер не себепті коммуникациялық желіден қалыс қалғанынөздері де түсінбегендерін жеткізіпті. Тұрғындар Күнгейдегі мәселе шешіледі дегелі облыста 4 әкім ауысты, бірақ көмек болмады деп налыйды.

«Облыстың 4 әкімі ауысты. Әлі жазып келе жатырмыз, бәрі уәде береді. Қазіргі әкім Ерлан Қошановта уәде беріп, барлығы болады деген бірақ әлі бұл мәселе шешілмей, уәдекүйінде қалды. Қошанов 2018 жылы жұмыстар жасалады деген. Одан кейін 2019жылдың көктемінде жұмыс басталады деді. Бірақ жаз болды әлі жұмысты көргенжоқпыз. Ақпанда әкім есеп бергенде Күнгейге келемін бақылауға аламын деді. Бірақәкім келген жоқ, бақылауын да сезбедік» ,- дейді Күнгей елді мекенініңтұрғыны  Дарын МАҚАШ.

Коммуникация желілері тартылмаған тұрғындар тоқболмағандықтан үйлеріне генератор қолданып келеді. Ал Дарын Мақаштың айтуыншакейбір тұрғындар жеке меншік тоқ желілеріне 1 жарым млн теңге қаражаттарынжұмсап қосылып алған. Ал мұндай қаражаты жоқтар электр жарығынсыз отыр. Күнгейге  қоғамдық көліктер кірмей бұрылып кетеді екен.Қарағанды қаласының құрылыс бөлімінің мәліметінше мұндағы 116 шақырымға жарық,су, кәріз желілері тартылған. Жоспарлы су тарту жұмыстары 2019 жылдың соңынадейін аяқталмақ. 603 млн теңгеге үш жүздей участкенің инженерлік кәрізжелісінің сметасы жасалыпты.

«Құрылысжұмыстары ауқымды болғандықтан біз оны бір жылда жүргізе алмаймыз.Сондықтанинфрақұрылымды 3-4 жылдың ішінде жүргіземіз деп отырмыз»,- деп мәлімдедіҚарағанды қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан ТУЛЮБАЕВ.

Фото: «ЖасАлаш» архивінен

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз