Қоғам

Құрылтай сайлауы өтетін күн белгілі болды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

сайлау

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.

Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен қатар Үкіметке, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдау міндеттелді.

Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз