Саясат

Квота кімге керек?

ҚазақстанРеспубликасы парламент депутаттарының назарына! Құрметті депутаттар! Президенттің бастамасымен,қоғамдық сенім комиссиясының қостауымен басталған «терең саяси реформаның»соңғы жүгі сіздерге түскен сияқты.

Квота кімге керек?

Аузы-мұрнымыз байланып, үйқамақта отырғандақабылданған «Бейбіт шерулер туралы» шала-жансар заңнан кейін, «Саяси партиялар»және «Сайлау туралы» заң жобаларына енетін өзгертулер мен толықтыруларды асығакүткеніміз рас. Қоғам тарапынан талай жыл сынға ұшыраған заңдарды талдау үшінондаған дөңгелек үстел өткізіліп, теледидардан пікірталастар ұйымдастырылып,сарапшылардың сан түрлі сындарлы ойлары, ұсыныстары талқыға түседі депойлағанымыз да рас. Өкінішке қарай, біздің күткеніміздей болмай шықты. Оған дакөндік. Мүмкін, сол айтылған сындарды, осы екі заңның түзейтін жерлерін, өзектімәселелерін сіздер де бір адамдай білетін боларсыздар, өздеріңіз-ақ түзейтінжерлерін түзеп аларсыздар деген де ой келді. Алайда сіздердің ең маңызды дептапқан мәселелеріңіз жыныс теңдігін сақтаумен шектелген сияқты.    Сондықтан да саяси партиялар сайлауға түскендеәйелдерге 30 пайыздан кем болмайтын квота беруді заңға енгізу үшін қаншақиналғандарыңызды жақсы түсінемін. Бірақ бұл өзгеріс пен толықтыруды «әйелдергежасалған жеңілдік» деп те, «парламенттегі демократияның үлгісі» деп теқабылдағым келмейді.

   Біріншіден, нәзік жандарға берілетін орын неліктен 30 пайыздан кемболмауы керек? Шынында да, еліміздегі ер адам мен әйел адамдардың жалпысандарының тең екенін ескерсек, неліктен әйелдерге 50 пайыз емес, тек 30 пайызквота бересіңдер? Бұларың барып тұрған теңсіздік емес пе? Әлде әйелдерге осы дажеткілікті деп таптыңыздар ма? Демек, заңға енгізіп отырған бұл баптарыңызәйелдерді шеттетудің, төмен санаудың нақты үлгісі. Егер сайлаушылардың барлығы әйелүміткерлерді қолдаса, парламентте 100 пайыз нәзік жандар отырсын. Айтпақшы,Руанда мемлекетінде парламент мүшелерінің 61 пайызы әйелдер, енді олар қазір «ерадамдар кем дегенде 50 пайыз болуы керек» деген заң қабылдауға күш салып жатқанкөрінеді.

     Екіншіден, біз осындайквотаға мұқтажбыз ба? Қазақстанның қазіргі парламентіндегі әйелдердің үлесі 27пайыздан асыпты. Демек, әйелдерді қорлайтын ешқандай «жеңілдік квотасын»енгізбей, жасанды жолмен емес, табиғи түрде-ақ олардың санының 30 пайыздан асатыныанық. Естеріңізге салайын, Қазақ елінің заңдарында әйел адамдарды шеттететін,олардың саясатпен, қоғамдық жұмыстармен айналысуына кедергі келтіретін бірде-бірбапты білмейді екенмін. Әрине, заң жөнінде сіздермен сөз таластыра алмаймын,сондықтан жыныс теңдігін бұзатын бірді-екілі баптардың кездесіп қалуы да ғажапемес. Егер ондай баптар болса, заңға 30 пайыз квота енгізіп, нәзік жандардансөз естімей, сол баптарды бізге көрсетіп, алып тастағандарыңыз дұрыс болатыншығар. Тағы қайталаймын, әйелдерді төмендететін, олардың парламентке баруынатосқауыл болатын заңдарды халыққа ашып көрсетіңіздер! Сонда ғана квотаға дегенқажеттілікті дәлелдей аласыздар. Ондай болмаған жағдайда парламентке баружолындағы бәсекелестік, мүмкіндік теңдігі сияқты мәселелерді жылы жауып қоюғатура келеді. Ертең заң шығару органындағы нәзік жандардың соңынан «ой, ол мәжіліскеквота арқылы кірген ғой, өзінде шайнам ми жоқ» деген сөз айтылмайды деп, ешкімуәде бере алмайтынын да ұмытпаңыздар. Өкінішке қарай, ондай сөз«квоталықтармен» қатар, өзінің біліктілігімен, ақыл-парасатымен барған жандарғада айтылады. Демек, сіздер осы заң арқылы барлық әйел адамдарды ыңғайсызжағдайға қалдырып отырсыздар.

     Осыдан бірнеше жыл бұрын Украина да 30пайыздық квотаны енгізді. Бірақ олар біздегідей «міндетті квотаны» емес,«ерікті квота» жолын таңдап алды. Сайлауда жеңген партиялар тізімінде әйелдер30 пайыздан аз болса да, партия рададан өзінің орнын алады. Ал 30 пайызданасқан нәзік жандары бар партия гендерлік бағытты ұстанғаны үшін үкіметтен саясипартияларға берілетін ақшаға 50 пайыз үстеме қаржы алады. Шешім партияныңөзінде. Украинаның нәзік жандары осы өзгерістің өзіне қарсылықтарын білдіріпті.Черкасс облысының депутаты Оксана Ковбош: «Как будтоженщины сами не способны добиться и нуждаются в посторонней памощи», – депренішін білдіріпті. 

     Үшіншіден, бұл тырма маңдайымызға бір рет тимеп пе еді? Қазақстанпарламенті тарихында квота бөлу дәстүрі, ұмытпасам, 2008 жылы басталды.Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдеріне тоғыз орындық квота беріліп,Конституцияны аяққа баса отырып (ұлтына қарамай барлығы тең), қазақтан басқаұлт өкілі болғандары үшін парламентке барған адамдар бар. Әлі есімде, сол заңқабылданғанда менің шетелдік бір досымның әзіл-шыны аралас «Досеке, ассамблеямүшелеріне квота бергеніне қарағанда, қазақтар қанша ақылды, білікті болса да,басқа ұлт өкілдерін парламентке жолатпайды екен ғой» дегені бар. «Қазақтарондай емес, қазақтың ортасы – Шымкенттен Севрюкова деген орыс әйелі барлыққазақ кандидаттарды жеңіп, 1994 жылы мәжіліске барған» деп, қазақты ақтапшыр-пырымның шыққанын білемін. Қысқасы, ұйғыр, неміс, дүнген, кәріс, шешен ұлтынанболғаны үшін ғана парламентке жол ашу заңы қазақ ұлтын қорлайтын заң болыпшықты. Бұл жерде мен сол заң арқылы барған азаматтардың адами қасиеті менбіліктілігін төмендетіп отырған жоқпын (ассамблея сессиясында қазақ тілі үшінжаны күйіп, сөз сөйлеген Роман Ким сайлауға түссе, қос қолымды көтеріп дауысберер едім), квота арқылы әділдік пен мүмкіндік теңдігінің жойылғанын естеріңізгесалып отырмын.

    Айта кету керек, Кеңес Одағының ЖоғарғыКеңесін жасақтауда да жұмысшылар мен колхозшылар 50 пайыздан кем болмауы керекдейтін жазылмаған квота болатын. Соның арқасында талай шопанымыз Мәскеугебарып, Съездер сарайында қалғып-шұлғып бір ай отырып қайтатын.

   Төртіншіден, «А-ны» айтқан екенсіңдер, «Ә-ні» де айтыңдар. Егер сіздер30 жылдан кейін оянып, әйелдерге ер адамдармен бірдей болатын жасанды теңдікберуді қолға алсаңыздар, бұл квотамен тоқтап қалмаңыздар дегім келеді. Жасанды«теңдік» жалғасын табады деп ойлаймын. Меніңше, бізде екі президенттің болғаныдұрыс сияқты (бір орынға квота енгізуге болмайды ғой). Біреуі – ер адам да,екіншісі – әйел адам. Халықтың тең жартысын әйелдер құрап тұрғанда,президенттің ер адам болуы адам төзуге болмайтын масқара жағдай емес пе? Аржағынан әкімдерге де кезек келеді. Айтпақшы, әйелдерді әскерге шақыратын уақытта келген сияқты. Олар кімнен кем?

   Бесіншіден, мені таңғалдыратыны, сіздердің ойларыңызша, «Саясипартиялар туралы» және «Сайлау туралы» заңда 30 пайыз квотадан басқа, әділдіктіқамтамасыз ететін, шұғыл түрде өзгертуді қажет ететін ештеңе қалған жоқ сияқты.Кешіріңіздер, былтырғы сайлаудан кейін сайлау туралы заңға өзгертулер енгізуемес, толықтай қайта жазып шығу керек. Халықаралық ұйымдардың бағасын былайқойғанда, тәуелсіз бақылаушылардың берген ұсыныстарының өзі бір түйеге жүк.Одан қалса, былтырғы дауыстарды санау кезінде түсірілген бейнетаспаларға көзсалыңыздар. 

    Айтпақшы, «Квота кімге керек?» дегенсұраққа жауап беруді ұмытып бара жатыр екенмін. Квота «біздің парламентте осыншамаұлт өкілдері бар» деген сөйлемнің соңына «және депутаттардың осынша пайызыәйелдер» деген сөзді қосу үшін ғана керек деп білемін.

Құрметпен Дос КӨШІМ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз