спорт

«Ла Крусты Әділбек ағамның көмегімен жеңдім»

Қазақбоксшысы Бекзат Нұрдәулетов әлемнің төрт дүркін, олимпиада чемпионы Хулио ЛА КРУСТЫқалай жеңгенін айтты.

«Ла Крусты Әділбек ағамның көмегімен жеңдім»

«Жекпе-жек ойдағыдай өтті. Бапкерлердің айтқанын жасапшықтым. Ла Круспен шығардың алдында Әділбек ағама қоңырау шалдым. Ағам кубалықбоксшыны жақсы біледі. Көп кеңес берді. Әділбек ағамның көмегімен жендім», — деді сенсациялық жеңістен кейін Бекзат Qazsportтелеарнасының тілшісіне.

Хулио Ла Крус кубаныңаса даңқты боксшысы. 81 келіде бокстасқан Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВТЫ үш финалда дажеңіп кетіп еді. Алматы мен Баку қаласында өткен әлем біріншілігінде және Риоолимпиадасында Әділбекті алтыннан осы кубалық боксшы айырған.

Бүгін БекзатНұрдәулетов Екатеринбург қаласында финалда өзбек боксшысы Дилшотбек РУЗМЕТОВПЕНәлем чемпионатының алтыны үшін бокстасады.

Фото: olympic.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз