Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:35, 06 Наурыз 2024

Латвия Ресей мен Белорусьтен келетін өнімдерге тыйым салды

санкция
Фото:

Латвия үкіметі Ресей мен Беларусьтен ауыл шаруашылығы және жем-шөп өнімдерін әкелуге тыйым салды.

Қаулы 8 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Латвия Министрлер кабинетінің сайтында айтылған.

Енді Латвияға ресейлік көкөністерді, жемістерді, жидектер мен жаңғақтарды, сондай-ақ астық өнімдерін, жем шикізатын және дайындалған жемдерді кіргізуге тыйым салынады.

Тыйым, ресейлік немесе беларусьтік белгісі бар басқа елдердің өнімдеріне де қатысты болмақ. 

«Министрлер кабинеті ЕО-ға мүше барлық елдердің, соның ішінде Латвияның ресейлік ресурстарға – минералды тыңайтқыштарға, жем-шөпке, азық-түлік пен энергияға тәуелділігін тоқтату қажет деп санайды. Бұл тауарлар «маңызды емес және оларды сатып алу Ресейдің Украинадағы соғысын қаржыландырады», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Латвия үкіметі ақпан айында ресейліктердің елге кіруіне шектеуді бір жылға ұзартты. Тыйым салу мерзімі 4 наурызда аяқталуы керек еді. Бұл туризм және демалыс мақсатында Латвияға барғысы келетіндерге әсер етеді. Енді шектеулер 2025 жылдың 4 наурызына дейін күшінде болады.

Латвияда немесе ЕО-ның басқа мемлекетінде, сондай-ақ Еуропалық экономикалық аймақта немесе Швейцарияда тұруға рұқсаты бар ресейліктерге Латвияның сыртқы шекарасы арқылы кіруге рұқсат етіледі. Шенген елдерінің ұзақ мерзімді визасы бар адамдарға да солай.

Фото: tass.ru