Руханият

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді.

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Онда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды, — деп хабарлайдй Primeminister.kz сайты. 

«Жетілдірілген әліпбиде әріп саны — 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған», — делінген хабарламада. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз