Лондон Қытайды Ресейге қару берді деп айыптады

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шеппс Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізіп отыр деп айыптады.
"Бүгін мен бізде Ресей мен Қытай арасындағы қару-жарақ саласындағы ынтымақтастық туралы дәлелдер бар екенін айта аламын", - деді Шеппс Лондондағы қорғаныс конференциясында.
Шеппс америкалық және британдық барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, қару-жарақ "Қытайдан Ресейге қазірдің өзінде ағылып жатыр. Бұл ақпарат Бейжіңнің Мәскеуге ықпалын қалыпты деп көрсету әрекетіне қайшы келеді", - деді Ұлыбритания қорғаныс министрі.
Оның айтуынша, Қытай мен Ресей Федерациясының "өте жақын" қарым-қатынасы елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 64 пайызға артқанын көрсетеді.
АҚШ пен Германия Қытайға ескерту жасады
Германия канцлері Олаф Шольц Қытайға сапары кезінде Қытай үкіметін санкцияларды айналып өтпеуге және Мәскеуге қару-жарақ жеткізбеуге шақырды. Сәуірде АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йеллен Қытай компанияларын Ресейге тауар экспорттағаны үшін қатаң санкциятынын ескерткен.
Алайда Қытай Ресейді қолдап отыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Бейжің Мәскеуге әскери мақсаттағы геокеңістіктік барлау мәліметтерін, сондай-ақ микроэлектроника, танктер шығаруға арналған жабдықтар мен әскери өнеркәсіпке қажетті зымырандарға арналған отынды береді.