Лондондағы Қазақстан елшілігі 20 жылдан бері салық төлемеген
Лондондағы Қазақстан елшілігі Ұлыбританияға 4,7 миллион фунт (шамамен 2 жарым миллиард теңге) қарызы бар екені анықталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
Transport for London компаниясының дерегінше, жергілікті БАҚ-та шетелдік елшілік қызметкерлерінің ақылы жолға ақша төлемей келгені жазылған. Деректер 2003-2023 жылдар аралығындағы қаражатты қамтиды.
Ал, СІМ өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша өзге елшіліктер мұндай төлемнің болуы заңсыз екенін алға тартқан.
Лондондағы шетелдік дипломатиялық корпустың - сол аумақтағы елшіліктердің жалпы пікірі бойынша бұл төлем жергілікті салық ретінде саналады. 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясына сәйкес дипломаттар жергілікті салықтан босатылған", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, Смадияров егер басқа елшіліктер бұл қаржыны төлейтін болса, Қазақстан да бұл жағын қарастыратынын айтты.