15:04, 18 Сәуір 2024
ІІМ: Қазақстанда су тасқыны салдарынан 7 адам қайтыс болды
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 7 адам қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.
ІІМ орынбасарының айтуынша, су тасқыны кезінде Атырау облысында 4 адам көз жұмған.
«Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр»,- деді Марат Қожаев.
Осы орайда журналистер Абай облысына қарасты Аягөз ауданында екі адамның суға кеткенін еске салды.
«Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шешім шығарылады»,- деді министр орынбасары.
Осылайша, Ішкі істер министрлігі Қазақстанда табиғи апат салдарынан 7 адамның қаза тапқанын атап өтті.
Фото: Мәжіліс